14 желтоқсаннан бастап ІІМ қызметкерлері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейді.
«Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді. Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді», – делінген хабарламада.
Полиция іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндерін мәлімдеді.