«Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалды», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, дамушы елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі — Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкелді.
«Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап жатыр», — деп жазды баспасөз қызметі.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес бүгінгі күні елімізде пияздың қоры 152,4 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14% ғана. Бұл көлем жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті, сондықтан экспортқа енгізілген шектеулер Қазақстаннан қалған пиязды әкетуге жол бермейді.
«Үкімет жақын арада нарықтық жағдайды жақсарту кезінде барлық шектеулерді уақтылы алып тастау үшін елдегі және әлемдегі жағдайды мұқият қадағалайды», — деп жазды министрлік мамандары.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2022 жылы елдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тоннаны құрады. Қазақстандықтар жыл сайын бұл көлемнен 3 есе аз, орташа есеппен алғанда 315 мың тонна тұтынатынын айта кеткен жөн.