Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, пилотсыз көліктер жобасы халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады. Жобаны іске қосу 2026 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
«Қазақстанда пилотсыз автомобильдер бойынша эксперименттік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жеке бастама аясында дрон арқылы жеткізу қызметін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда», – деді Мәдіев.
Министр бұл бастамалар қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа модельдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңа технологиялар көлік саласын жаңғыртып, жеткізу қызметтерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.





