Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда Наурыз қарсаңында ауқымды “Nauryz Sale” акциясы өтеді

Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында 13–23 наурыз аралығында республикалық “Nauryz Sale” акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам

Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және тұрғындар мен ел қонақтары үшін мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, акция барысында сауда нысандары азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10-нан 70 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынады. Жеңілдікпен сатылатын өнімдер сауда залдарында арнайы мерекелік навигациямен және «Nauryz» брендтік безендіруімен белгіленеді. Сауда орындарында тақырыптық баға белгілері, баннерлер мен POS-материалдар орнатылып, сатып алушыларға акциядағы тауарларды оңай табуға мүмкіндік жасалады.

Акцияға ішкі сауда саласындағы шамамен 300 субъект қатысады. Оның ішінде 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда платформасы бар. Қатысушылар қатарында Magnum, Small, Galmart, Анвар, Дина, Toimart, Астыкжан, Аян және Greenwich секілді ірі сауда желілері бар.

Сонымен қатар Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, Аружан, Сарыарка және Shymkent Plaza сияқты ірі сауда-ойын-сауық орталықтары да акцияға қосылады.

Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Сауда орталықтарында қазақстандық өнімдер ұсынылатын арнайы аймақтар ұйымдастырылып, тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылады.

Сондай-ақ келушілер үшін интерактивті бағдарламалар қарастырылған. Ірі сауда орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар орнатылып, келушілер ұлттық киімдермен суретке түсе алады. Бұл жобаға Қазақстан бойынша 11 дүкені бар Тарбие ұлттық киім бренді қатысады.

Мұндай фотозоналар SAYA Mall, Dostyk Mall, KeruenCity, Keruen City Astana, Infinity Mall, Turan Mall, Dostyk Plaza және Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастырылады.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі сауда субъектілері арасында “Sauda in Digital Nauryz” республикалық конкурсы өтетінін жариялаған еді. Байқау 13–20 наурыз аралығында ұйымдастырылып, сауда нысандарын цифрлық форматта безендіру және инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.

Қатысушылар «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба» номинациялары бойынша бақ сынай алады. Конкурс қорытындысы 20 наурызда жарияланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аким Алматинской области Марат Султангазиев обратился к жителям региона

Николай Иващенко
11.03.2026

Бруцеллёз – профилактика и защита здоровья: какие профилактические меры проводят в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Молодежь активно поддерживает проект новой Конституции страны

Николай Иващенко
11.03.2026

437,9 тыс. га засеют сельхозкультурами в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Мужчина ударил ногой в живот соседке по даче в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz