Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда мобильді аударымдарға бақылау күшейтілді: Қандай жағдайда күмән туады?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда азаматтардың мобильді аударымдарына қатысты бақылау шаралары күшейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.01.2026
Жаңалықтар

Вице-министр көпшілікті алаңдатқан сұраққа жауап бере отырып, қандай аударымдар күмән тудыруы мүмкін екенін нақты түсіндірді.

Ержан Біржановтың айтуынша, егер бір адамның есепшотына үш ай ішінде шамамен 100 түрлі адамнан ақша түссе, бұл жағдай тиісті органдардың назарын аударады.

«Той немесе туған күн деген сылтаумен ай сайын әртүрлі адамдардан ақша түсе беруі қисынға келе бермейді. Әріптестер арасында белгілі бір мақсатпен жиналған қаржы болса – ол түсінікті. Қандай да бір қажетіне деп ақша жинаса, оны да көріп отырамыз», – деді ол.

Вице-министр мәселе тауар немесе қызмет сату белгілері байқалған кезде туындайтынын атап өтті.

Оның сөзінше, егер азаматтың шотына әртүрлі тұлғалардан тұрақты түрде және әрқилы сомада қаражат түсіп отырса, бұл жасырын кәсіпкерлік қызметтің белгісі болуы мүмкін.

«Мұндай операциялар да назардан тыс қалмайды. Біз бәрін сараптап, талдаймыз», – деді Ержан Біржанов.

Сонымен қатар, Ержан Біржанов салық органдары күмәнді жағдай анықталған кезде бірден жаза қолдануға асықпайтынын айтты.

«Алдымен азаматқа хабарлама жіберіледі. Түсіндіру сұраймыз: не себепті шотыңызға үнемі түрлі адамдардан ақша түсіп тұрады? Яғни, алдымен диалог орнатамыз», – деп нақтылады ол.

Тегтер: қазақстанмобильді аударымдар

Соңғы жаңалықтар

Токаев наградил чемпиона ХІV зимних Паралимпийских игр Ербола Хамитова

Николай Иващенко
26.03.2026

Полиция ЗКО подтвердила обнаружение возможных обломков БПЛА

Николай Иващенко
26.03.2026

Cоставы LRT при тестах достигли максимальной скорости 80 км/ч

Николай Иващенко
26.03.2026

Спасатели Алматинской области вызволили из болота авто

Николай Иващенко
26.03.2026

Пожар в точке общепита произошел в Алматинской области

Николай Иващенко
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz