2022 жылдың бірінші жарты жылдығында күнбағыс майын өндіру көлемі 235 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 38,1% өскенін көрсетеді. Оның ішінде, тазартылмаған май 160 мың тонна (71,5% өскен) болса, тазартылған май 75 мың (2,5% өскен) тоннаны құрайды.
Жалпы өндірістің жартысына жуығын ШҚО өндірген: 78,1 мың тазартылмаған, 33,6 мың тонна тазартылған май.
Биылғы жылдың шілде айы қорытындысы бойынша майдың бағасы 1,4% қымбаттаған, ал жыл басынан бері баға 8,1% өскен. Былтырғы жылы шілде айындағы бағамен салыстыратын болсақ, күнбағыс майының бағасы 11,6% қымбаттаған.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың шілдесіндегі көрсеткіш бағаның 65,8% қымбаттағанын байқатқан еді.