ҚР Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов көмір бағасының өсуі мәселесі туралы айтып, көмір бағасының мемлекет тарапынан реттелмейтінін еске салды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жолмағамбетовтың айтуынша, Қазақстандағы көмір бағасы әлемдік нарыққа қарағанда әлдеқайда арзан. Мысалы, танымал «Шұбаркөл» маркалы көмірі халық үшін коммерциялық субъектілерге қарағанда 25-30%-ға арзан бағамен сатылуда. Қазақстандағы көмір бағасы 7 800 теңгеден басталып, 9 000 теңгеге дейін жетеді. Әлемдік нарықта еуропалық CIF ARA көмірінің құны 100-110 доллар болғанымен, елімізде көмір бағасы төрт есе төмен.