Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда көлік алудың арнайы бағдарламасы бойынша өтінім қабылдаудың платформасы іске қосылады

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасы іске қосылады. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты.

01.02.2023
Жаңалықтар

«Биылғы 6 ақпанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосады», — деді Ғалымжан Әди елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», — делінген аталған қордың мәліметінде.

Қазіргі кезде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да жинақталған қаражат сомасы 7,6 млрд теңгеге жетті. Осы орайда пилоттық платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелса, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтайды.

«Кейін аталған платформада өтінім қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам адамды тіркеуге мүмкіндік береді», — деп аталып өткен таратылған хабарламада.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:

— бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

— қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

— қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

— бастапқы жарна — 0 пайыз.

Тегтер: Басты жаңалықтаркөлікҚазақстаннесие

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz