«Іздестіру» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар облысының полицейлері шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, түрлі ауыр қылмыстары үшін іздеуде жүрген 15 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Мысалы, Германияның Нюрнберг қаласында Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы азамат құрықталды. Сондай-ақ, Ресейдің Екатеринбург қаласында осындай қылмыс жасап, іздеуде жүрген 25 жастағы күдікті қолға түсті.
Олардың барлығы қазіргі таңда қамауда, экстрадиция мәселесі қаралуда. Павлодарда көрші елде кісі өлтірген күдікті ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен екі азаматтың жүрген жері анықталды.
«Қылмыскерлердің жазасыз қалмауы үшін жедел іздестіру шаралары маңызды,» – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.