Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда инфляция үдей түсті: мамыр айында жылдық көрсеткіш 11,3%-ға жетті

2025 жылғы мамырда Қазақстанда жылдық инфляция қарқыны 11,3%-ға дейін жеделдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2025
Жаңалықтар

Сәуір айында бұл көрсеткіш 10,7% болған еді. Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, мамыр айында 16 өңірде инфляция үдеген, үш өңірде бәсеңдеген, ал бір өңірде өзгеріссіз қалған. Ең жоғары жылдық инфляция Алматы қаласында тіркелді – 13,0%.

Мамырда азық-түлік бағасы жылдық мәнде 9,6%-ға дейін жеделдеді (сәуірде – 8,5%). Бұл көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Ақмола облысында байқалды – 11,4%, ал ең төменгі өсім Алматы қаласында – 8,0%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы да жылдық мәнде 9,0%-ға өсті (сәуірде – 8,9%). Түркістан облысында бұл көрсеткіш 14,2%-ға жетсе, Павлодар облысында 5,4%-бен шектелді.

Ақылы қызметтер де едәуір қымбаттаған. Сәуір айында 15,7% болған өсім мамырда 16%-ға жетті. Алматы қаласында қызмет көрсету бағасы республика бойынша ең жоғары деңгейге – 22,5%-ға дейін көтерілді. Ал Алматы облысында бұл көрсеткіш 11,3%-ды құрап, ең төменгі өсімдердің бірі ретінде тіркелді.

Мамыр айында айлық инфляция 0,9%-ға өсіп, Ұлттық банк деректері бойынша елдегі баға тұрақсыздығының жалғасып жатқанын көрсетіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, инфляция қарқынының артуы ішкі сұраныстың артуы мен кейбір тауарлар мен қызмет түрлерінің импортқа тәуелділігімен байланысты болуы мүмкін. Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында монетарлық саясат құралдарын қайта қарастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тегтер: бағақазақстан

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz