Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда ғарыштан мониторинг жасау арқылы 5 өңірден есірткі алқабы табылды

ҚР Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Instagram-дағы парақшасында Ішкі істер министрлігімен ғарыш мониторингі саласында бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары туралы жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

14.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ішкі істер министрлігіне ғарыштан есірткі плантацияларын анықтауға көмектесіп жатыр.

«Біз ІІМ-мен электрондық құжаттандыру, жедел басқару орталығы бағытында ғана емес, ғарыш мониторингі бойынша да әріптестік орнатқанбыз. Қазақстан ғарыш сапары құқық қорғаушы органдармен бірге «Қарасора» операциясына қатысып, ғарыш мониторингі арқылы есірткі алқаптарын анықтауда», – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, биыл 686 мың шаршы шақырымға мониторинг жасалып, 5 өңірден каннабис егілген жерлер табылған.

«Бұл — ерекше қадағалаудағы мәселе. Ішкі істер министрлігімен белсенді жұмысты әрі қарай жалғастырып, заманауи технологияларды қолдану арқылы қылмысқа қарсы іс-шараларды жетілдіруге атсалыса береміз», – деді министр.

Айта кету керек, ғарыштық бақылау KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктері, сондай-ақ шетелдік спутниктер арқылы жүргізіледі.

Тегтер: ЕсірткіҚазақстанцифрлық даму

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz