Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда докторантураға түсу талаптары жеңілдетілді

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі докторантураға қабылдаудың Үлгілік ережелеріне өзгерістер енгізді. Жаңартылған талаптар шығармашылық және тілдік бағыттар бойынша түсушілер үшін бірқатар шектеуді алып тастайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.12.2025
Жаңалықтар

Оның айтуынша, бұған дейін докторантураға түсетін барлық үміткерден мамандығына қарамастан ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (IELTS және өзге де) талап етіліп келген. Алайда заманауи технологиялар мен жасанды интеллект кеңінен қолданылып жатқан кезеңде бұл талап өзектілігін жоғалтқан.

Қай мамандықтар бойынша тіл сертификаты талап етілмейді?

Ғылым және жоғары білім министрінің №490 бұйрығына сәйкес, енді төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша шет тілін білу сертификатын ұсыну міндетті емес:

  • D005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;

  • D006 – Музыка мұғалімдерін даярлау;

  • D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;

  • D018 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

«Қазақ филологиясы немесе музыка саласындағы талантты зерттеушілер тек тіл сертификаты болмағаны үшін докторантураға түсе алмай келді. Сондықтан бұл бағыттар үшін дифференциалды тәсілді енгізуді ұсындық», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Эссе орнына – зерттеу жоспары

Тағы бір маңызды өзгеріс – докторантураға түсу кезіндегі эссе жазу талабының алынып тасталуы. Оның орнына үміткердің ғылыми әлеуетін нақты бағалауға мүмкіндік беретін Research Proposal (зерттеу жоспары) енгізу жоспарланып отыр.

Аталған норма 2026–2027 оқу жылынан бастап күшіне енуі мүмкін. Зерттеу жоспарларын бағалау процесіне тәуелсіз сарапшылар тарту көзделген.

Алдағы өзгерістер қандай?

Депутаттың айтуынша, докторантура жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс әлі де қаралуда. Олардың қатарында:

  • шығармашылық бағыттар тізімін кеңейту;

  • тілдік емтихан тапсыру мерзімін оқу аяқталған кезеңге ауыстыру;

  • академиялық адалдық талаптарын күшейту;

  • Scopus базасындағы жарияланымдарға қойылатын талаптарды арттыру.

Қазіргі таңда министрлік тілдік және шығармашылық бағыттағы педагогтар үшін негізгі кедергілердің бірін алып тастады. Дегенмен докторантура бағдарламаларын жетілдіру жұмыстары жалғаса бермек.

Тегтер: докторантурақазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz