Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда бір адамға рұқсат етілетін SIM-карта санына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Министр қазіргі таңда бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбағанын айтты, бірақ сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдар талқылағаннан кейін ұсыныс енгізілетінін жеткізді. Өзінің пікірінше, бір адамға 10 SIM-картадан артық қажет емес.