Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда биік тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау талаптары қатаңдатылды

Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау тәртібі күшейтілді. Енді биіктігі 28 метрден жоғары, яғни шамамен 8–10 қабаттан асатын барлық көппәтерлі үйлер қоныстандырылмас бұрын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі жөнінде міндетті қорытынды алуы тиіс, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.02.2026
Жаңалықтар

Жаңа талап 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Қорытындыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері нысанда өрт-техникалық тексеру жүргізгеннен кейін береді.

Яғни, құрылыс толық аяқталғанымен, ғимараттың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай екені дәлелденбейінше, тұрғындарды қоныстандыруға рұқсат берілмейді.

Мамандардың айтуынша, жаңа тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Биік тұрғын үйлерде өрт қаупі жоғары әрі эвакуациялау жұмыстары күрделі болатынын ескере отырып, мемлекет бұл саладағы бақылауды жүйелі түрде күшейтіп отыр.

Сонымен қатар, талаптардың қатаңдауы құрылыс салушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Аталған нормалар «Азаматтық қорғау туралы» заңда нақты бекітілген. Құжатта азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындалған.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Подозреваемого в смертельном ДТП на проспекте Аль-Фараби в Алматы проверят на алкоголь

Николай Иващенко
25.03.2026

Казахстанского блогера объявили в розыск по делу Mellstroy

Николай Иващенко
25.03.2026

В Усть-Каменогорске задержали подозреваемых в нападении на патрульного полицейского

Николай Иващенко
25.03.2026

Матч сборных Казахстана и Венгрии по футболу перенесли

Николай Иващенко
25.03.2026

Семью с двумя детьми всю ночь искали в Алматинской области

Николай Иващенко
25.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz