Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда бензин қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Министр бағаның өсуі — Қазақстанда мұнай өнімдерінің жетіспеушілігімен байланыстырады.
Оның сөзінше, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін модернизация жүргізіліп жатыр. Ал оны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат қажет.
Cәйкесінше, бензин бағасының көтерілуі — мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.
«Бағаның қандай болатыны — ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазіргі уақытта біздің ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде, мұнай өнімдерінің бағасы да ең төменгі. Нарық ашылған жағдайда, біздің арзан өніміміз қымбат өнімдермен араласып кетеді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әсер етеді», — деп қосты министр.