4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 65 жол учаскесі уақытша жабылды. Оның ішінде 35 Республикалық маңызы бар жол (Астана, Алматы, ШҚО — 2; Абай және Павлодар — 5; Ақмола — 3, Жетісу — 4, Қарағанды — 9; Қостанай, Ұлытау және Жамбыл — 1).
Облыстық маңызы бар тағы 30 жол (Абай — 8, Ақмола — 9, ШҚО — 4, Жамбыл — 2; Жетісу және Түркістан — 5; Павлодар — 11).
Жолдарда ТЖ жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Осыған ұқсас штабтар Абай, Жетісу, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Павлодар облыстарында жұмыс істеп жатыр. Жол тосқауылдарында 1290 автокөлік кептелісте тұрып қалды.
Өткен тәулікте 725 адам құтқарылды, оның ішінде 137 бала, 124 бірлік техника сүйреп шығарылды. Эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды, сондай-ақ қосымша 200 техника жұмылдырылмақ. Уақытша жылыту пункттерінде 202 адам көмек алып жатыр.
Тұрғындарға ескерту жасау мақсатында 4163 адам және ТЖМ, ІІМ және басқа да мекемелердің 343 техникасы жұмылдырылды.