Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, АЭС құрылысының болжамды аяқталу мерзімі 2035–2036 жылдарға жоспарланған.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру кезеңі шамамен 10–12 жылды құрайды. Осыған байланысты еліміздегі АЭС құрылысы да 2035–2036 жылдары аяқталады деп күтілуде. Жобаның серіктесі ретінде қарастырылып отырған «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бұл мерзімдермен келісіп отыр», – делінген агенттік хабарламасында.





