Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қазақстанда ақылы жолдар саны артады – министр

Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде ақылы жолдар саны көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2025
Жаңалық

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр. 2023 жылы осы жолдар арқылы мемлекетке 48 миллиард теңге көлемінде кіріс түскен.

«Биыл жөндеу жұмыстары аяқталған соң тағы 29 учаскеде, яғни ұзындығы 6,2 мың шақырымды құрайтын жолдарда ақылы жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл жолдардан жиналатын қаражат көлемі 100 миллиард теңгеден асады деп болжануда», – деді министр.

Сонымен қатар, Қарабаев болашақта ақылы жолдардан түскен қаражат есебінен жолдарды күтіп-ұстау, қажетті техника сатып алу және бұрын алынған қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді өтеу мәселелерін шешу мүмкін екенін айтты.

Министрлік өкілдері бұл қадамдар жол инфрақұрылымын жақсартуға және оны ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік береді деп отыр.

Тегтер: автожолБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz