Құжатқа сәйкес, аңшылыққа рұқсат етілетін жануарлар түрі кеңейтіліп, тізімге 35 сүтқоректі мен 59 құс түрі енгізілді. Ал бұрынғы тізімде болған су жануарлары алынып тасталды. Өзгерістер 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді.
Сүтқоректілер тізімі кеңейді
Жаңартылған тізімге төмендегідей аңдар енгізілді:
түлкі, қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа), бұлғын, құну, америкалық су күзені, сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа), қабан, марал, бұлан, сайғақ, сібір тау ешкісі, дала және орман қояндары, қасқыр және өзге де жабайы аңдар.
Құстардың жаңа тізімі
Аңшылыққа рұқсат етілген құстар қатарына қызылтұмсық және қарамойнақ суқұйрық (гагара), қаз, көкқаз, сұр үйрек, шіл, құр, бөдене, кекілік, қырғауыл, тырнақ (дупель), үлкен және орта аққұмшық (кроншнеп) және басқа да су мен орман құстары енгізілді.
Су жануарлары тізімнен алынып тасталды
Бұрын аңшылық және балық аулау объектісі ретінде қарастырылған 67 су жануарының түрі енді жаңа бұйрықта жоқ. Олардың қатарында:
белуга, севрюга, орыс бекіресі, бекіре (стерлядь), пелядь, шортан, ақ амур, сазан, дөңмаңдай (толстолобик), кәдімгі көксерке, камбала және кемпірқосақ алабұғасы бар.
Мақсат – табиғатты және биоәртүрлілікті сақтау
Министрлік мәліметінше, өзгерістердің негізгі мақсаты — жануарлар әлемін қорғау, табиғи тепе-теңдікті сақтау және биологиялық әртүрлілікті арттыру.
Жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін Қазақстанда барлық аңшылық қызмет тек осы бекітілген тізім бойынша жүзеге асырылады.






