Қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру енді электронды форматта, SMS арқылы жүзеге асырылатын болады. Мәжіліс осы жаңашылдықты қамтитын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі азаматтарға әскери қызметке шақыру хабарламаларын «Электронды үкімет» порталының 1414 қызметі және пайдаланушының жеке кабинеті арқылы жолдайды.
Сонымен қатар, азаматтарға әскери қызметке шақыруды тек бір рет қана кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Екінші бакалавриат оқу үшін әскерге баруды кейінге шегеру мүмкіндігі жойылды. Некеде тұрған және жұбайы 12 аптадан астам уақыт жүкті азаматтар отбасылық себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыра алады.