COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таратқан деректерінде олардың 588-і стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатқаны айтылған.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», — деп жазды комиссия.
Айта кету керек , 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 536 079 адам, екінші компонентін 9 318 769 адам алған.