Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 300-ден астам колледж мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады

219 колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды.

10.05.2023
Жаңалықтар

Мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде 219 колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында жеке колледж жабылды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.

2023 жыл басынан бері Қазақстан 519 колледжде мемлекеттік аттестаттау өтті. Талдау нәтижесі бойынша Алматы, Астана қаласы, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ұлытау, Абай облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жақсы көрсеткіштер байқалған.

Алайда, 300-ден жүзден астам колледж аттестаттаудан өтпеген, олардың дені Шымкент қаласы мен Павлодар, Қызылорда облыстарында. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш төмен.

«Мемлекеттік аттестаттау техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар проблемаларды анықтап берді. Қазір Астана қаласы, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы тоғыз жеке колледждің қолданыстағы лицензиясы мен білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға қосымшаларды қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл колледждер енді білім беруді тоқтатады. Сондай-ақ лицензияға қосымшасы болмаса да білім берген 10 колледж анықталды», – деді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Тегтер: колледжҚазақстанмемлекеттік аттестаттау

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz