Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 2023 жылға дейін әскерилердің еңбекақысы 70 пайыз өседі

2021 жылы әскерилердің еңбекақысы 35 пайыз өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 70 пайыз болады. Аталған ақпаратпен Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлім командирінің орынбасары Нұрлыбек Абдураимов баспасөз брифингінде бөлісті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.09.2022
Жаңалықтар

«Әскерилер толық мемлекеттің қарауында болса да, олардың жалақысын нарық бағасымен есептесек, аз екендігі рас. Бұрынғы жылдары келісімшартпен қызметке қалғандардың айлығы 80-90 мың теңге болса, жыл басынан бастап 110-120 мыңға өсті. 2023 жылы еңбекақы көлемі тағы да өсіп, жалпы үш жыл ішінде көрсеткіш 70 пайызға жетеді», — деді командирдің орынбасары.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Абдураимов мемлекет тарапынан әскери қызметкерлерге жасалған жеңілдіктер мен ұтымды тұстары туралы сөз қозғады:

— әскери қызметкер зейнетке шыққанша үйінің ипотекасын мемлекет жауып отырады. «Отбасы банкінің» әскерилер үшін арнайы бағдарламасы бар;

— отбасы бар әскерилерге жабық қалашықтардан тегін қызметтік баспана, шаңырақ көтермеген әскерилерге жатақханадан бөлмелер беріледі;

— жалдамалы пәтер ақысын төлеу үшін адам басына төлемақы бөлінеді;

— балаларын балабақшаға кезексіз орналастырады, медициналық қызмет тегін көрсетіледі және т.с.с.

Оның айтуынша, Қарулы Күштер құрамының 12 пайызын әйелдер құрайды. Ал Отан алдындағы борышын өтеуге баратындардың 80 пайызы – қазақтар. Қалған 20 пайызы – өзге ұлт өкілдері.

Тегтер: брифингеңбекақыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz