Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл іске байланысты тергеу жұмыстарын Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр.
«Қылмыстық іс тіркеліп, Ішкі істер министрлігіне тергеуге жолданды», — деді Қойгелдиев журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары қолданыстағы заңнама талаптарына байланысты тергеу барысында қосымша ақпаратты жариялауға құқығы жоқ екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін 16,3 миллион қазақстандықтың жеке дерегі интернетте ашық тарағаны белгілі болған еді. Тараған мәліметтердің қатарында азаматтардың аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, байланыс нөмірлері және басқа да жеке деректер бар. Оқиғаға байланысты қоғамда алаңдаушылық туындап, тергеу органдары дереккөзді анықтауға кіріскен.





