«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды», — делінген «Қазақстан темір жолы» компаниясының сайтында.
Еске салайық, ҚТЖ келесі жолаушылар пойыздарында биылғы 1 желтоқсаннан бастап жоғарғы және төменгі орындар әртүрлі бағамен сатылатыны туралы мәлімдеген болатын:
1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
2. № 51/52 «Алматы – Орал»;
3. № 105/106 «Алматы — Петропавл»;
4. № 71/72 «Астана — Шымкент»;
5. № 29/30 «Алматы — Атырау».
Пилоттық жоба 2023 жылғы 28 ақпанға дейін сынақтан өткізілуі тиіс болған. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайтыны жоспарланды.
«Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», — деген еді ҚТЖ-дан.