Ченнаиде 44-ші шахмат Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Мұнда өзара мықтыны анықтау үшін әлемнің 186 елінен 1736 шахматшы келген. Шахматтың отаны Үндістан Олимпиаданы алғаш рет қабылдап отыр.
«Олардың ішіндегі 185 команда өз елдерінің мемлекеттік туымен жүріп өтті. «Команда саны 186 болса, тудың саны неге 185?» — деп сұрайтын шығарсыздар. Себебі, команданың Олимпиадаға қатысуына тікелей жауапты Қазақстан шахмат федерациясы туды керек қылмаған. 20 мың теңгесін аяп, туды ұмытып, бүкіләлемдік Олимпиадаға Қазақстанның туын әдейі апармаған. Соның салдарынан Қазақстан командасы шеруге тусыз шықты. Ұят! Мүмкін, Хусаинов-Сәдуақасов мырзалар тудың маңызды мемлекеттік символ екенін ұмытып кеткен шығар? Кешіріңіздер, бәрін ұмытуға болатын шығар, бірақ туды ұмыту мүмкін емес. Өйткені, ұлттық құраманы ұлттық құрама қылатын тап осы — Ту. Шахмат федерациясының басшылығы команданы мемлекеттік тумен қамтамасыз етпей, Қазақстан халқын сыйламай отыр», — деп жазды Таңжарықова.
Бұл биылдыққа отандық шахмат федерациясы айналасында орын алған бірінші дау емес.