Құрылыс жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бірқатар шектеулер енгізіледі.
Аталған мерзім аралығында:
Жеңіл автокөліктер мен автобустардың шекарадан өтуі уақытша тоқтатылады;
Тек жүк көліктері электрондық кезек жүйесі арқылы өткізіледі (күніне шамамен 200-250 жүк көлігі).
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол»-дың Батыс Қазақстан облыстық филиалы шектеу мерзімінің кейінге қалдырылғанын хабарлаған еді. Енді нақты мерзім бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес басталмақ.
«Сырым» өткізу бекетінің уақытша жабылуына байланысты жүргізушілерге келесі шекара бекеттерін пайдалануға кеңес беріледі:
«Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) – екіжақты өткізу бекеті
Орналасқан жері: Орал – РФ шекарасы, 33 км (KZ07-01 жолы)«Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) – халықаралық өткізу бекеті
Орналасқан жері: Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы, 144 км (KZ07-04 жолы)«Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) – халықаралық өткізу бекеті
Орналасқан жері: Орал – Тасқала – РФ шекарасы, 104 км (KZ07-06 жолы)
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жүргізушілерге сапарларын ертерек жоспарлауға, сондай-ақ альтернативті бекеттердегі көлік жүктемесін ескеруге кеңес береді.
Шекараны уақытында және ыңғайлы өту үшін жолға алдын ала шығу ұсынылады. Бұл шаралар өткізу пункттеріндегі жұмыс сапасын арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.





