Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан чемпион атанды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл жарысқа Колумбия, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және Араб елдері сияқты 41 мемлекеттен 114 қатысушы қатысты.
Қазақстан атынан сайысқа төрт спортшы қатысып, нәтижесінде ұлттық құрама төрт медаль еншіледі. Ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов чемпион атанса, Ерсұлтан Әуелбай үшінші орынды иеленді. Әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы бірінші орынды жеңіп алып, Аңсаған Қазанғап күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте Қазақстандық спортшылар бірінші орынға ие болды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екі жыл сайын өтеді. Биылғы ойындардың ұраны – «Ұлы даладағы кездесу». Әлемнің 89 елінен 2000-нан астам спортшы 21 спорт түрінен бақ сынауда.