Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен БАӘ қандай келісімдерге қол қойды?

Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталғаннан кейін екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2025
Жаңалықтар

Ақорда екі тараптың қандай құтжаттар алмасқанын жариялады:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автокөлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Masdar компаниясы арасында Қазақстан Республикасында 2 мың МВт-қа дейін қуат сақтау жүйесі және 500 МВт-қа дейін тәуліктік энергиямен қамту жобаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен AIQ арасында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Abu Dhabi Commercial Bank арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight компаниясы арасында Қазақстан Республикасында суперкомпьютер кластерін құру жөніндегі келісім;
  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы сауда флотын кеңейту бойынша ынтымақтастықты дамытуға қатысты хаттама;
  8. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен AIQ арасында мұнай-газ саласын цифрландыру бағытындағы ықпалдастық мәселелері бойынша стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім;
  9. Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Түркістан қаласында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана құрылысын салу және қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited арасында Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен оған іргелес аумақты дамытуға инвестиция салу туралы келісім.

Бұдан бөлек, құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімнің ратификацияланғаны туралы хабарланды.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz