Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік күшейтіледі: күзетшілерге жаңа талаптар енгізілді

Қазақстанда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп күзетшілеріне арналған бірыңғай талаптар қабылданды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың депутаттық сауалға берген ресми жауабында айтылды.

Күзетшілерге қандай талаптар қойылады?

Премьер-министрдің тапсырмасымен күзет қызметтерін сатып алуға арналған типтік конкурстық құжаттама әзірленген. Онда күзетшілерді іріктеу бойынша нақты талаптар мен кәсіби біліктілікке қатысты шарттар көрсетілген. Атап айтқанда:

  • күзетшілердің жасы — 25 пен 50 жас аралығында болуы тиіс;

  • арнайы кәсіби дайындықтан өткен болуы қажет;

  • қару алып жүруге және пайдалануға лицензиясы болуы шарт;

  • сотталмаған болуы міндетті;

  • жеке кеңсесі болуы қажет;

  • жедел әрекет етуге қабілетті кемінде екі мобильді тобы болуы тиіс.

Сонымен қатар еліміздегі мектептерде төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмдері бекітілді. Жылына кемінде екі рет міндетті түрде теориялық және практикалық оқыту сабақтары ұйымдастырылады. Бұл іс-шараларға Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктерінің мамандары да қатысады.

Балалардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Үкіметтің мәліметінше, бүгінде еліміздегі 6 600 балабақша, 6 600 мектеп және 700 колледж қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар бұл мекемелерге лицензияланған күзет ұйымдары тартылған. Қазіргі таңда 6 900-ден астам білім беру нысанында арнайы күзет қызметі жұмыс істейді.

Оған қоса, мектептер мен балабақшаларда полицияның Жедел басқару орталықтарымен тікелей байланыстағы цифрлық бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнематериалдар 30 тәулікке дейін сақталады. 2022 жылдан бері 20 мыңнан астам білім беру ұйымында осындай 220 мыңнан аса камера іске қосылған.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz