Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстан экспорты 37,2% өсті

2022 жылдың 5 ай ішінде экспортқа шыққан тауарлардың жалпы сомасы 34,2 млрд долларды құрады. Бұдан біз экспорттың 12,7 млрд долларға немесе 37,2% өскенін байқауымызға болады. Мұны ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

09.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Экспорттың ұлғаюы туралы (АҚШ долларымен есептеледі):

  • Грузия – 2021 ж. 12,6 млн – 2022 жылы 90,2 млн = 7 есе ұлғайған;
  • Канада – 2021 ж. 51,8 млн – 343,5 млн = 6,6 есе;
  • Марокко – 2021 ж. 24,1 млн – 2022 ж. 124,1 млн = 5 есе;
  • Оңтүстік Корея – 2021 ж. 441,3 млн – 2022 ж. 1,7 млрд = 4 есе;
  • Жапония – 2021 ж. 125,6 млн – 2022 ж. 418,9 млн = 3,3 есе;
  • Түркия – 2021 ж. 1 млрд – 2022 ж. 2,1 млрд = 2,1 есе.

Министрліктің мәліметінше, шикізатты экспортқа шығарушы қазақстандықтар үшін шығынды жартылай өтеу, сақтандыру, кепілдеме және субсидиялау секілді көмектер көрсетіледі. Және қаржылай емес көмектер қатарына кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдегі мекемелерімен байланыс орнату, экспорт потенциалы жоғары қызмет көрсету, халықаралық талаптарға сай жаңа ұлттық стандарттарды бекіту кіреді.

Қазақстанда осы жылдың қаңтар айынан бастап министрлік экспортты акселерациялау бағдарламасын іске қосты. Яғни, министрлік экспортпен айналысатын компания өкілдерін оқыту, компанияның маркетинг бөлімін дамыту, стратегиясын әзірлеу, тауарларды шетелдерде көрмеге қою, экспорттық келісім шарт жасауға көмектеседі. Аталған бағдарлама бойынша Ресейге, Өзбекстанға, БАӘ-не, Сауд Арабиясына, Әзірбайжан елдеріне экспортқа тауар шығаруды дамыту көзделіп отыр.

Сонымен қатар министрлік тек шикізатты емес, дайын өнімді сыртқа шығаруды дамытуға күш салып жатыр, оның ішінде: металл өнімдері, түрлі құрылғылар, азық-түлік, жанармай,  дизельді отын бар.

Тегтер: Қазақстанэкспорт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz