Шымкент қаласының тумасы, 13 жастағы Ерсұлтан кішкентай кезінен дәстүрлі әнге қызығушылығы пайда болып, 9 жасында домбыра ұстап алғаш сахнаға шыққан. Оның домбыраға деген әуестігін байқаған көршісі Моңғолия елінен арнайы тапсырыспен домбыра алдыртқан. Ерсұлтан Омар әлемге аты әйгілі әнші болуды армандайды. Жеңімпаз финал соңында қолдау көрсеткен барша көрерменге, жобаны ұйымдастырушыларға, отбасына өз алғысын білдірді. Айта кетейік, «Көрмей тыңдау» кезеңінен бастап финалға дейінгі уақыт 3 ай аралығын қамтыды.