Белгілі болғандай, өтінімді Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Ал тестілеу 11 ақпанда өтеді.
Тестілеу үш негізгі блоктан тұрады. Атап айтқанда, үміткерлер:
қазақ тілі бойынша – 30 тапсырма (өту үшін ең төменгі ұпай – 15);
Қазақстан Республикасының Конституция негіздері бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма (ең төменгі ұпай – 20);
Қазақстан тарихы бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма (ең төменгі ұпай – 15) тест тапсырады.
Орталық мамандарының мәліметінше, тестілеу бойынша ең жоғары балл – 100, ал шекті өту балы – 50.
Жалпы тестілеудің ұзақтығы 2 сағат 10 минутты құрайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымша 30 минут уақыт беріледі.
Сонымен қатар, үміткерлер үшін ақылы тәжірибелік тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылған. Оның құны 3 355 теңге. Ал негізгі тестілеуге қатысу ақысы 14 693 теңгені құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда паспорт алу рәсімі жеңілдетілетіні хабарланған болатын. Сондай-ақ 2025 жылдың қазан айында қазақстандық паспорттың жаңа дизайны әзірленетіні белгілі болған.





