Атап айтқанда, әуежайға жеткеннен кейін виза беретін елдердің қатарында Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары бар. Бірақ, Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында визаның қанша күнге берілетіні нақтыланбаған. Бұл елдердің қатарына Тайландты қосуға болады. Тайланд Қазақстан азаматтарына визаны ұшып барғаннан кейін 30 күнге береді.
Қазақстандықтар Өзбекстанға барғанда сол мемлекеттің аумағында 5 күннен астам болған жағдайда, ал Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстанда 30 күннен астам болған жағдайда құзыретті органдарда тіркелуге міндетті.
- Гонконг, Иран, Оманға 14 күнге дейін,
- Барбадосқа 28 күнге дейін,
- Аргентина, Бразилия, Малайзия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Сербия, Филиппин, Эквадорға 30 күнге дейін,
- Албания, Андорра, Колумбия, Коста-Рика, Молдова, Моңғолия, Ресей, Украинаға 90 күнге дейін,
- Армения, Сент-Винсент және Гренадиныға 180 күнге дейін,
- Грузияға бір жыл аралығына дейін визасыз сапарлауға болады.
Қазақстан азаматтары Түркияда 180 күннің ішінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Кореяға да 30 күнге дейін визасыз сапарлауға мүмкіндік бар. Бірақ, 2022 жылдың 1 сәуірінен бері азаматтың Кореяға кіруін авторизациялайтын «K-ETA» электрондық жүйесі жұмыс істейді.