Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

«Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы анықталды

"Қазақстан аруы-2022" байқауына 20 мыңнан астам ару өтініш білдірген. Олардың ішінен 23 ару таңдалып алынды. Алматыда өткен республикалық байқауда бас жүлдені 24 жастағы астаналық ару Томирис Кәкімбекова жеңіп алып, биылғы жылдың "Қазақстан аруы" атанды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

19.11.2022
Жаңалық

Жарты жыл бұрын кастинг жарияланып, кіл сұлу бағын сынаған байқау мәресіне жетті. Байқаудың жаңа ұйымдастырушылары бұл жолғы «Қазақстан аруын» таңдауда талаптың қатал болғанын айтады.

«Қазақ елінен әлемдік байқауға баратын қазақ қызы осал болмауы керек. Біз сол себепті байқау талаптарын күшейттік. Сондай-ақ дене бітіміне ғана емес, рухани байлығына, тәрбиесіне, сөйлеген сөзі мен жүріс-тұрысы, барлық қасиетіне қарадық. Бір әттеген-ай дейтінім, қазақтың барлық қызы тілін бұрмаламай қазақша сөйлесе деп ойлаймын», — дейді «Қазақстан аруы» байқауының президенті Айдай Исаева.

Байқауда қазылар алқасының мүшелері шоу бизнес өкілдері болды. Соның бірі-украиналық әнші Светлана Лобода да болды.

«Негізгі мұндай байқаулар өте көңілсіз өтетіні бар. Бірақ Қазақстандағы бұл байқау өте тамаша өтті. Көңілім толып, риза болып тұрмын. Ұйымдастырушылардың үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны көрініп тұр», — деді Светлана Лобода.

Екі сағатқа созылған байқауда қыздар төрт рет сахна төрінде сән үлгілерін көрсетіп, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Байқау үш кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын арулардың мықтылары таңдалып алынды. Бірінші кезеңде 12 ару озық шықса, қазылар алқасының шешімімен үшінші кезеңде қатарластарынан басым түскен бес ару таңдалып алынды.

Қыздардың сұлулықтары ғана емес, бағындырған биігі, жеткен жетістігі де таразы басына салынды. Ақтық кезеңде бес сайыскердің ішінен 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімова бас жүлдені иеленіп, «Әлем аруына» жолдама және 5 млн теңгеге чек алды, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының бірінде тегін білім алады.

19 жастағы алматылық Диана Тәшімбаева «Әлем аруы Қазақстан» тәжін және «Әлем аруына» жолдама алды.

Алматылық тағы бір ару Дильназ Тилаеваға «Қазақстан жер аруы» атағы мен «Жер аруы» халықаралық байқауына жолдама бұйырды.

Ал Томирис Заир «Қазақстан-2022 Вице-аруы»атанды.

Көрермендердің берген дауысынан семейлік 18 жастағы Алтыния Ғазизова жеңімпаз атанды.

Тегтер: Қазақстан аруы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz