Соңғы 10 жылда алтын сатып алуды айтарлықтай арттырған елдердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл тізімде Қазақстан да алтын қорын көбейткен 10 елдің қатарына кірді.
Көш басында Ресей тұр, ол 1298 тонна алтын сатып алған. Одан кейінгі орында Қытай – 1181 тонна алтынмен. Үшінші орында Түркия, оның қоры 424 тонна алтынға толыққан.
Сонымен қатар, тізімде Польша, Үндістан, Өзбекстан, Қазақстан, Сингапур, Ирак және Таиланд елдері де бар.
Алтын қорын көбейткен елдер (2013–2023 жж.):
- Ресей – 1298 тонна
- Қытай – 1181 тонна
- Түркия – 424 тонна
- Польша – 256 тонна
- Үндістан – 246 тонна
- Өзбекстан – 154 тонна
- Қазақстан – 151 тонна
- Сингапур – 103 тонна
- Ирак – 100 тонна
- Таиланд – 92 тонна