Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақмыстың» шахтасында 7 адамның мәйіті табылды

"Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі апаттан 7 шахтер қаза тапты, оларды құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.02.2025
Жаңалықтар

Марқұмдардың денесі үйінді астынан табылып, 1500 метрден жер бетіне шығарылды. Полиция мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тапсырды.

Алдын ала дерек бойынша, төтенше жағдайға табиғи газдың жарылысы себеп болып, жер опырылған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жомарт» кеніші Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі.

«Қазақмысқа» миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай иелік етеді. Forbes Кимнің байлығын 3,6 млрд долларға бағалаған.

Өз кезегінде депутат Ерлан Сайыров түнеукүні су жаңа ұшақ сатып алған компания акционерлерін сынға алды.

«Қазақмыс» ұшақ сатып алғанша, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ме? Олигархтар Қазақстанның орны толмайтын ресурстарын эксплуатация жасап жатыр. Олардың біздің халқымыздың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі жоғары болуы керек», — дейді Сайыров.

Айта кетейік, жуырда «Қазақмыс» компаниясы бизнес-джет сатып алды деген жаңалық тараған. Кей ақпарат көздері корпорацияның ұшақты экс-президент Назарбаевқа сыйға тартқанын жазған еді.

Тегтер: Басты жаңалықтаржаңалыққазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz