Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ тілін үйренгіңіз келе ме? Тегін онлайн курстар ашылды!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің қолдауымен қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарға арналған тегін онлайн курстар басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Балнұр Асанова
01.12.2025
Жаңалықтар

Жоба қазақ тілін қарапайым деңгейден меңгергісі келетіндерге де, өз білімін жетілдіруді көздейтіндерге де қолжетімді.

Онлайн форматта ұйымдастырылған сабақтар еліміздің кез келген нүктесінен ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік береді. Тыңдаушыларға кәсіби оқытушылар дәріс өткізіп, заманауи интерактивті әдістемелер ұсынылады. Әр кезеңде кері байланыс беріліп, оқу процесі толықтай қолдау көрсетумен сүйемелденеді. Оқыту аяқталған соң қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан ресми сертификат табысталады.

Жоба аясында 2025 жылдың ақпанынан қарашасына дейін 500 адамды оқыту жоспарланған. Оқу материалдарында лексикалық және грамматикалық минимумдар, оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым және сөйлесім дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі түрде берілген.

Қосымша онлайн карточкалар, мультимедиялық жаттығулар мен аудиоматериалдар арқылы тыңдаушылар жаңа тақырыптарды бекітіп отырады. Әр сабақ жазылып, арнайы YouTube арнасына жүктеледі. Осылайша, қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмаған оқушылар дәрісті кейін қарап, оқытушымен кері байланыс орната алады.

Жоба мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді, тіл үйренушілерге қолжетімді әрі сапалы білім беруді мақсат етеді.

Тегтер: Басты жаңалықтаркурсқазақ тілі

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарына үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Қонаевта 12 наурыз күні дрон-шоу өтеді

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Қазақстанда Наурыз қарсаңында ауқымды “Nauryz Sale” акциясы өтеді

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысында жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысында бірнеше күн электр жарығы өшуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz