«Бүгін тікұшақпен барлау нәтижесінде жағдайдың тұрақталғанын көрдік. Бірақ екі елдімекенде өрттің жаңа ошағы анықталды. Онымен күреске жеке құрам мен бүкіл техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, тікұшақпен су шашу жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатыр», — дейді ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Оның айтуынша, кеше және алдыңғы күнге қарағанда жел күшейіп кетті.
«Қатты желден баяу жанып жатқан өрт ошақтарынның қайта күшею қаупі бар. Бар күш жұмылдырылып жатыр, жағдай бақылауда», — дейді ТЖМ өкілі.