Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚМА Бишімбаевтар отбасына қатысты істерді тергеп жатқан жоқ.
«Бізде тіркелген қылмыстық істер жоқ. Бірақ заңсыз сатып алынған қылмыстық кірістер бойынша тексерістерді тұрақты жүргіземіз. Бұл жұмыстар бізде, егер қылмыстық жолмен алынған және заңдастырылған қандай да бір заңсыз кірістер шықса, біз оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз», — деді Елемесов.