Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.

11.10.2022
Жаңалықтар

«Біз ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Заңының талаптарына сәйкес, Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын белгілейтін тиісті хаттамаға қол қою рәсімін жүргізіп жатырмыз. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Әбден Қарақат Жақсылыққызы ҚР Конституциясымен және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келетінін анықтады», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру рәсімінен кейін комиссия отырысында.

7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.

Қарақат Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты. Төрт бала тәрбиелеп отыр.

8 қазанда Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды.

Кеше 10 қазанда Қ. Әбден ҚР Орталық сайлау комиссиясында мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев обратился к собравшимся

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев подписал новую Конституцию Республики Казахстан

Николай Иващенко
17.03.2026

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz