«Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға орын алғанын хабарлады, деп жазады alataunews.kz.
Шахтада көміртегі газының бөлінуі салдарынан екі адам қаза тапты. Барлық жұмысшылар дереу эвакуацияланып, зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталу үстінде. Оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.