Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.
40-тан астам бопсалау фактісі анықталды. 15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын, оның ішінде аралас жекпе-жек жаттықтырушысын ұстады. Олар жергілікті тұрғындар мен «Qarmet» АҚ қызметкерлерін бопсалаған. Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында да қылмыстық топтар ұсталған болатын. Қазір 39 күдікті қамауда, қару-жарақ пен басқа да дәлелдемелер тәркіленді.