Алматы облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 1 шілде күні кешке Қапшағай су қоймасында үрлемелі матраспен жағадан 250 метр алыс жүзіп кеткен 1997 жылғы ер адам құтқарылды.
Бұдан бөлек, жағадан 400 метр қашықтыққа алыстап, суға бату қаупі төнген тағы екі ер адам құтқарылды.
Құтқарушылар үшеуін де қауіпсіз жағаға эвакуациялады. Медициналық көмекке мұқтаж емес. Олармен судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.