Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қапшағайда демалушылар суға дәрет сындырып жүр: қауесет неге тарады?

«Қапшағай жағажайында әжетханалардың жоқтығынан демалушылар көлге дәрет сындырып жүр» деген қауесеттің рас-өтірігін Alataunews.kz сайтының тілшілері зерттеп көрді.

08.07.2022
Аймақ, Жаңалық, Қоғам

Қапшағай жағажайындағы әжетхана мәселесі бірді-екілі емес, келушілердің барлығын мазалайтын сұрақ. Әжетхананың қайда екенін сұрап әбігерге түскен жұрттың қарасы көп.

«Қапшағай жағалауында мемлекет балансындағы екі үлкен әжетхана бар. Біреуі жағалаудың бас жағында, екіншісі аяқ жағында орналасқан. Жалпы көлемі 40 шаршы метр. Әжетханаларға 100 теңгеден төлейді. Өйткені тазалайтын адамдардың еңбекақысын төлеу керек, әжетхана қағаздарын, тазалағыш заттарды алу керек», — дейді «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС директоры Абулхатр Орынбасар.

Арақашықтығы 685 метр жағажайда 43 кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп, жағажай маусымында асықтары алшысынан түсіп тұр. Жергілікті жауапты мамандардың айтуынша, 43 кәсіпкердің 10-ы әжетхана орнатқан. Бас-басына  орната берсе, жағажай әжетханадан көрінбей қалатынын айтады.

Ал  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары Қапшағай көлінің тазалығы туралы уәжі мынадай: «Көлдің су сапасын анықтау мақсатында ай сайын микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық, ротовирустық инфекцияға және тырысқаққа сынама алынып, Қонаев қаласының ұлттық сараптама орталығына зерттеулерге жіберіліп тұрады. Бүгінге дейін сынаманың теріс нәтижесі тіркелген емес. Сол себепті, көлге дәрет сындырады, су лас деген қауесет жалған», — дейді «Қапшағай  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Еламан Қожамқұл.

Қапшағайда 7 жағажай бар. Мамандардың айтуынша, 7 жағажайда да су таза.

Тегтер: жағажайҚапшағайҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz