Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, азамат тереңдікке түсіп бата бастаған, оны байқаған құтқарушылар жедел жұмысқа кіріскен.
«Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен алып шықты, британдық азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», — делінген ведомствода.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.