Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қайырымдылық қорын жымқырған Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

Елді елеңдеткен «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының қаржысын талан-таражға салу ісі бойынша сотталған Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылатын болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2025
Жаңалықтар

Саудаға элиталы пәтерлер, қымбат көліктер және брендтік әшекей бұйымдар шығарылмақ. Түскен қаржы жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалады.

Сот процесі барысында 47 адам жәбірленуші деп танылған еді.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 шілдеде аталған қордың бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, олар қайырымдылыққа жиналған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Келтірілген залал көлемі 3,5 миллиард теңгеден асты.

Алайда сот отырыстары кезінде Перизат Қайрат атаған өзге тұлғаларға қатысты іс қозғалған жоқ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұл жөнінде:
– Тергеу барысында қор қаржысын жымқырған басқа адамдар анықталған жоқ. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып, сатудан түскен қаражат есебінен жәбірленушілердің шығыны өтеледі, – деді.

Бұл шешім әділеттілікті қамтамасыз етіп, зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Тегтер: қазақстанСот

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz