ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ол қаржыны көлік пен пәтер сатып алуға жұмсаған:
— 88 миллион теңгеге «Mercedes-Benz S450»;
— 80 миллион теңгеге «Lexus LX-600»;
— 39 миллион теңгеге «Haval» автокөліктерін;
— 600 миллион теңгеге Астанадан «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК, «Vela Village» коттедж қалашығында пәтер сатып алған екен.
Сондай-ақ Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сынды бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол «Cartier» және «Louis Vuitton» сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алған
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін жақындарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.