Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.
«Қазіргі уақытта Боранбаевқа қатысты оның сот үкімі бойынша сотталғанын және келтірілген залалды өтегенін білесіздер. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 миллиард теңге берді. Қазіргі уақытта оның тарапынан бюджетке қосымша тағы да қаражат өтеу жағы қарастырылып жатыр. Өйткені басқа да қылмыстық істер: жеке тұлғаның салық төлеуден жалтаруы және ұрлық бар. Осы істер аясында қазіргі уақытта активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді ол.