Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Путин мен Трамп Аляскада кездесті: негізгі тақырып — Украина

2025 жылғы тамыз айында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскада екіжақты кездесу өткізді. Үш сағатқа созылған келіссөздер конструктивті әрі өзара құрмет атмосферасында өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2025
Жаңалықтар

Кремль басшысының айтуынша, кездесудің басты тақырыбы Украина төңірегіндегі жағдай болды. Путин АҚШ әкімшілігінің қақтығысты шешуге жәрдемдесуге дайын екенін атап өтіп:

«Біз әрдайым украин халқын бауырлас халық деп санадық. Қазіргі жағдай – біз үшін қайғы. Сондықтан бұл қақтығысты тоқтатуға шын жүректен мүдделіміз», – деді.

Ресей президенті дағдарысты еңсеру үшін Ресейдің алаңдаушылықтары ескеріліп, Еуропа мен әлемдегі қауіпсіздік саласында әділетті тепе-теңдік қалпына келуі керектігін айтты. Ол сондай-ақ Трамптың: «егер мен президент болғанда, соғыс болмас еді» деген пікірін қолдап, бұған кепілдік беретінін жеткізді.

Өз кезегінде Дональд Трамп келісімге қол жеткізу әзірге мүмкін болмағанын мойындады. Дегенмен ол кездесуді «өте жемісті әрі мазмұнды» деп бағалап, көптеген мәселелер бойынша белгілі бір ілгерілеу бар екенін атап өтті.

«Бүгін біз үлкен прогреске қол жеткіздік. Президент Путинмен қарым-қатынасым әрдайым жақсы болған», – деді ол.

Трамп кездесу аяқталған соң Еуропа көшбасшыларымен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесетінін хабарлады. Сондай-ақ Путиннің шақыруымен Мәскеуге баруы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Путин мен Трамп келіссөзден кейін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, алайда журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ.

Кездесуге екі елдің сыртқы істер ведомстволары мен президент көмекшілері қатысты. Ресей тарапынан Сергей Лавров пен Юрий Ушаков, ал АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио және арнайы өкіл Стив Уиткофф болды.

Тегтер: АҚШРесей

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz